Талдықорғанда 7 жасар ерекше баланың денесі табылды
Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның мәліметінше, 25 мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз болған.
Шығыс шағын ауданында жедел түрде ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылған. Аулалар мен жақын аумақтар, Қаратал өзенінің бойы және бос жатқан жерлер тексерілді. Тіпті тепловизоры бар дрон да қолданылды.
26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде», - делінген полиция хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар