Талдықорғанда өртенген қонақ үйден 12 рет пышақталған әйелдің мәйіті табылды
514
Талдықорғанда өртенген қонақ үйден 12 рет пышақталған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол қонақ үйде администратор болып істеген. Марқұмның денесі өрт сөндіру кезінде анықталған.
Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін ғимаратты әдейі өртеген болуы мүмкін.
"24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақ үйінің тіркеу бөлігінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам эвакуацияланды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, 23 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...