Танымал актердің қызының мәйіті қонақүйден табылды
2034
АҚШ-тың әйгілі актері Томми Ли Джонстың 34 жастағы қызы Виктория Калифорния штатындағы қонақүйлердің бірінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмның денесі табылғаны туралы ақпаратты NBC Bay Area телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Ал РБК-ның TMZ порталына сүйенген мәліметіне сәйкес, әйелдің мәйіті 1 қаңтар күні таңертең Сан-Францискодағы Fairmont San Francisco қонақүйінен табылған.
Шамамен түнгі сағат 04:00-де оқиға орнына полиция жеткен, кейін парамедиктер мен сот-медициналық сарапшы шақырылған.
Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталған жоқ. Оқиға бойынша тергеуді Сан-Франциско полиция департаменті жүргізіп жатыр.
Белгілі болғандай, Виктория – Томми Ли Джонс пен Кимберли Клоуглидің қызы. Ерлі-зайыптының сондай-ақ 43 жастағы Остин Джонс есімді ұлы бар.
Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтауда, қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...