Танымал мәдениет қайраткері дүние салды
3782
Танымал театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры Гүлжихан Жаныспаева дүние салды, деп хабарлайды Politico.kz.
Гүлжихан Әбуқызы ғибратты ғұмырын өнерге арнап, отандық театр өнері дамуына, саланың бірнеше буын майталманын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан.
"Еңбек жолын 1955 жылы Мәдениет министрлігінде театр инспекторы қызметінен бастап, кейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының, бүгінгі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры қызметін абыроймен атқарды. Қоғамдық өмірге де белсене араласып, бірнеше мәрте қалалық және аудандық кеңестің депутаты болып сайланды", - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламасында.
Министрлік марқұмның жақындарына, туыстарына көңіл айтты.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...