Танымал қазақстандық әнші әйелінің көзіне шөп салды деп айыпталып отыр

11.11.2025 14:30 Мөлдір Талғат
Танымал қазақстандық әнші әйелінің көзіне шөп салды деп айыпталып отыр
0
159
Фото: әлеуметтік желі. Суреттe: Асха Принц

Әлеуметтік желілерде V$XV PRiNCE лақап атымен танылған қазақстандық рэпер Асхат Рысбеков пен қырғызстандық әнші Нияға қатысты дау үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушыларының назарын аударған бұл мәселе Алматыда өткен Dequine концерті кезінде болған тосын жайттан кейін басталған. Кеш барысында Ния сахнада ән орындап жатқан сәтте Асха кенеттен сахнаға шығып, көрермендерді таңғалдырған. Кейінірек Dequine бұл көріністің алдын ала жоспарланбағанын айтып, екі әртістің арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі болжамдардың пайда болуына себеп болды.

Ния, толық аты-жөні Дания Эмиль, Қырғызстаннан шыққан талантты рэп-орындаушы. Ол тыңдарманға «Eyes» және «Price» атты танымал тректері арқылы жақсы таныс. Бұл әндерді ол Асха Принцпен бірігіп шығарған болатын, ал олардың дуэті бастапқыда сәтті шығармашылық тандем ретінде қабылданған. Дегенмен, уақыт өте келе желі қолданушылары олардың арасындағы байланыс тек музыкалық серіктестіктен әлдеқайда жақын екенін байқай бастаған. Бұған қоса, Асханың үйленгені және үш баланың әкесі екені көпшіліктің назарынан тыс қалмады.

Дауға түрткі болған тағы бір жағдай — қазақстандық рэпер Say Mo-ның жеке концертінде айтқан сөздері. Көпшілік оның “Дорогая, надеюсь, ты же знаешь, что он женат. Солидарность женская, но делишь с ними кровать” деген жолдарын Нияға арнап айтылған деп болжады. Бұл сөздер “әйелдер арасындағы қолдауды ұмыттың ба, үйленген еркекпен бірге болдың ба?” деген мағынада қабылданған. Тыңдармандар сондай-ақ Say Mo-ның “менің үнсіздігім біреудің отбасын сақтап тұр” деген тағы бір өлең жолын да Асха мен Ния арасындағы жағдаймен байланыстырды.

Бұған қоса, рэпер өзінің TikTok парақшасында “Папина любовница” атты әнмен видео жариялап, астына: “Сатқын еркектер мен олардың ақымақ ашыналарын ақыры әшкерелей бастадық” деп жазған. Желі қолданушылары бұл жазбаның нақты кімге бағытталғанын біраз уақыт бойы талқылап келгенімен, соңғы оқиғалардан кейін оның кімге тиесілі екенін анық түсіне бастағандарын жазуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий