Танымал заңгер Шахановты қорлаған блогерді сотқа бермек

27.04.2026 10:26 Әсел Мұрат
Танымал заңгер Шахановты қорлаған блогерді сотқа бермек
343
Фото: ашық дереккөз

Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде ақын, халық жазушысы марқұм Мұхтар Шаханов туралы ауыр пікір айтқан блогерді жауапқа тартуды талап етпек, деп хабарлайды Politico.kz.

Шекеевтің айтуынша,ол бір ғана адамды емес, тұтас бір ұлтты қорлап тұр.

Әлеуметтік желіде «Мамбетадор» атты пайдаланушы Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың құрметіне өзгертуге қарсы пікірін бейәдеп сөздермен білдірді. Ол марқұм Шахановты «ревизионист» деп атап, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «бандиттер» деді. 

«Желтоқсан бүлікшілерін ақтаған «біреудің» атына ауыстыру орынсыз. Тіпті оның «атын атаудың өзі жағымсыз» – деген пікір білдірген.

Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының ашуын тудырды. 

Заңгер Мейірман Шекеев блогердің бұл мәлімдемесін арандатушылық және ұлттық намысқа тию деп бағалап, оны жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ол блогердің үстінен арыз түсіретінін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына ауыстыру петиция жарияланған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий