Таразда оқушы қызды кім ұрламақ болғаны белгілі болды
Таразда аялдамада тұрған оқушы қызды кім ұрламақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
13 жастағы қызды ұрламақ болған күдіктілер ағайынды нашақорлар екен. Бұл туралы бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы оқушы қызды бейтаныс жігіттер ұрламақ болған.
Полицияға бейтаныс екі ер адамның көлікпен аялдамада тұрған қызды күштеп алып кетпек болғаны туралы хабарлама түскен.
«Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген полиция хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
09:35
Алматы метросында көзі көрмейтін жігіттің өлімі...
17.11.2026
09:02
Алматыдан Гоаға бағыт алған ұшақ Делиге шұғыл қ...
17.11.2026
08:35
«Ұрып, қол-аяғын байлаған»: Атырауда қарияны қо...
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...