Тараздағы пәтерден зорланған екі әйелдің денесі табылды

08.11.2024 • 18:11 Берік Арманов
Тараздағы пәтерден зорланған екі әйелдің денесі табылды
515
Кеше, 7 қараша күні кешке Тараздың орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық-зомбылықпен өлтірілген екі әйелдің мәйіті табылды. Олардың бірі Алматының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды. Жамбыл облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Оқиға орнына Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Фото: depositphotos.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий