Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсететін бизнес өкілдері белгілі болды
330
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге демеушілік көмек көрсететін компанияларды атады.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы, «Каспи.КЗ», «KAZ Minerals» тобы өңір үшін демеушілік көмек көрсетеді.«Жалпы, бизнес өкілдері демеушілік міндеттеме алып отыр. Өңірлерге тізім бойынша бекіту жасадық. Ақмола облысы бойынша су тасқынының салдарын жою үшін Integra Construction және RG Gold сияқты ірі бизнес өкілдері демеушілік көмек көрсетеді. Ақтөбе облысы бойынша «Болат Өтемұратов қоры», «BI Group» АҚ және «ERG» компаниялар тобы» өңір үшін демеушілік көмек бөлуді жоспарлап отыр. Батыс Қазақстан облысы бойынша «Астана моторс» компаниялар тобы, «BI Group» АҚ, «Jusan» банк, «Банк Центр кредит» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, КПО демеу көрсететін болады. Қостанай облысы бойынша «ADD Capital», «ERG», «Аллюр» және «АгромашХолдинг», «Базис-А», сондай-ақ «RG Brands» компаниялары», - деді Қанат Бозымбаев.
«Қазіргі уақытта Атырау облысы су тасқыны салдарын жоюға Т.Құлыбаевтың және К.Рақышевті бір топ компаниясы көмек көрсететін болады», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
20:00
Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
10.07.2026
19:07
Алматыда ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен...
10.07.2026
18:12
Бишімбаев ісімен танылған прокурор Айжан Аймаға...
10.07.2026
18:04
Алматыда екі жыл бұрын жұмбақ жағдайда өлген бо...
10.07.2026
17:26
ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
10.07.2026
17:07
Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды