Тас жолда есінен танған жүргізушіні полиция қызметкерлері құтқарып қалды (ВИДЕО)
Полицейлер ес-түссіз жатқан жүргізушіге көмек көрсетті
Атырауда жүк көлігінің жүргізушісі рөлде есінен танып қалды, деп хабарлайды Politico.kz сайты ZTB NEWS-қа сілтемемен.
Атырау–Құлсары тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі қозғалыс кезінде есінен танып қалған. Оқиға 12 сәуір күні болған. Атырау облысы полиция департаментінің СОБР қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатып, жол жиегіне шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқайды. Олар дереу тоқтап, жағдайды тексерген.
Белгілі болғандай, жүргізуші ес-түссіз жатқан. Полицейлер жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер 43 жастағы Өзбекстан азаматын қабылдап, оны әрі қарай емдеу үшін алып кеткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
21:59
«Қазгидромет» Ташкенттегі ауаның ластануына Қаз...
24.11.2026
20:14
Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, шаш...
24.11.2026
20:02
Сергей Ким 8,5 жылға сотталды
24.11.2026
19:21
Қазақстанда мұрагерлік құқығы қайта қаралуы мүмкін
24.11.2026
18:38
Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып ту...
24.11.2026
17:35
Тоқаев әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия...