"Тектік тамыр бір": Айгүл Иманбаева әкесі бір, шешесі бөлек бауырлар туралы ойын айтты
2277
Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап беріп, аналары бөлек, әкелері бір балалардың өзара қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқырмандардың бірі екі түрлі анадан туған балалардың бір-бірін толыққанды бауыр ретінде қабылдауы қиын екенін алға тартқан. Өнер иесі бұл пікірге жауап беріп, қандас бауырлардың арасындағы байланыстың берік болуы керектігін жеткізді.
"Сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. "Сүйеуі бір, қаны бір" бауырлар үшін аналарының бөлек болуы араға суықтық түсірмеуі тиіс. Өйткені әке бір болғандықтан өріс те, тектік тамыр да бір болып қала береді. Тәрбие мен көзқарастың әртүрлілігі араласуға бөгет емес, керісінше бір-бірін толықтыруға мүмкіндік береді", – деп жазды әнші.
Айгүл Иманбаеваның пайымдауынша, әртүрлі орта мен тәрбиені көргеніне қарамастан, ортақ тамыр бауырлардың жақындасуына еш кедергі болмауы керек.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...