Tiger Films «Руың кім?» комедиясына байланысты ресми мәлімдеме жасады

18.12.2025 12:15 Арман Ермеков Арман Ермеков
Tiger Films «Руың кім?» комедиясына байланысты ресми мәлімдеме жасады
0
153
Фото: «Руың кім» комедиясының постері

Tiger Films кинокомпаниясы режиссер Әсет Жұмақанның «Руың кім?» атты жаңа туындысын прокаттан мерзімінен бұрын алып тастауға мәжбүр болды. Премьерасы өткеніне небәрі бір апта болған комедияның көрсетілімі тоқтатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Кинокомпания таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, фильмді түсірудегі түпкі мақсат – жұртшылықты бөлінуге емес, бірлікке үндеу болған.

«Біз фильмді ең ізгі, оң ниетпен түсірдік. Басты мақсатымыз — Қазақстан халқын бірлік пен татулыққа үндеу. Сатира мен юмор тілі арқылы руларға бөліну, бір руды екіншісінен жоғары қоюға ұмтылу - қате түсінік екенін көрсеткіміз келді.

Біздің тарапымыздан заң бұзушылық болған жоқ. Алайда фильмге қатысты екіұшты пікірлер туындап, оны талқылау барысында қоғамдық шиеленістің болмауы үшін, біз фильмді Қазақстандағы барлық кинотеатрлардың репертуарынан өз еркімізбен алып тастау туралы шешім қабылдадық.

Tiger Films студиясы әрдайым жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып келеді, және шығармашылығымыздың негізгі тақырыптарының бірі - Қазақстан халқының бірлігі. Біздің «Маша мен Дударай», «Менің үлкен қазақ отбасым» және басқа да фильмдеріміз соның дәлелі», — деді Tiger Films кинокомпаниясының өкілі.

Айта кетейік бұл шешімнің қабылдануына Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың жуырда жасаған мәлімдемесі түрткі болған еді. Халық қалаулысы жастар арасында рушылдық психологиясының таңылуына алаңдаушылық білдірген болатын. Ол кейбір контент жасаушылар мен кәсіпкерлердің ру атауларын күнделікті киімге жазып оны маркетингтік құралға айналдырғанын сынады. Сонымен қатар аталған фильмде рөл сомдаған актер Қайрат Әділгерей де осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий