Tinder-де қыз болып 4 миллион теңге жымқырған жігіт сотталды

16.01.2026 11:17 Арман Ермеков Арман Ермеков
Tinder-де қыз болып 4 миллион теңге жымқырған жігіт сотталды
0
176
Фото: РБК

Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz

Іс материалдарына сәйкес, жас жігіт танысуға арналған Tinder қосымшасында «Нұрай» есімді бойжеткеннің атынан тіркелген. Ол жеке парақшасында Telegram мессенджеріне сілтеме қалдырып, ол жақтағы профиліне бейтаныс қыздың суретін жүктеген.

Күдікті жәбірленушімен хат алмасу барысында оған кездесуге уәде берген. Кейін түрлі сылтау айтып, қаржылай көмек сұраған. Алаяқтың құрығына түскен азамат оның сөзіне сеніп, үш айға жуық уақыт ішінде 4 миллион теңгеден астам қаражатын аударған.

Сотталушы ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жаза тағайындау кезінде оның жасаған ісіне шын өкінуі және келтірілген мүліктік залалды өз еркімен толық өтеуі ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот үкімімен оған пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий