Қ. ТОҚАЕВҚА ҚЫЛЫШ СЫЙЛАДЫ
Мәртебелі мейманға - бағалы сыйлық. Мемлекеттік сапар барысында қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатардың негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды. Бұл – Араб елінің ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монарх, ханзада һәм мемлекет басшыларына Әмірдің өзі табыстайды. Оның үстіне сыйлық алушы Қатар Мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына үлес қосқан болуы шарт. Әлгі қылыш алғаш рет Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Әл Саудқа табыс етілген еді. Кейін Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарекке және Испания Королі 6-шы Филиппке сыйға тартылды. Тарихи бағалы қарудың дәлме-дәл көшірмесі алтынмен апталып, екі жағы әшекеймен көмкерілген. Жүзі тот баспайтын болаттан құйылған, ал сабы түйе сүйегінен жасалып, агатпен және турмалинмен қапталған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
23:21
Теңізге кәріз суын ағызған кім? Маңғыстау облыс...
12.11.2026
22:20
Балқаш тұрғындары АЭС салынғаннан кейін ауызсу ...
12.11.2026
21:21
ҰБТ орнына жаңа емтихан енгізіле ме? Министр ел...
12.11.2026
20:52
Астанадағы шашылған долларлар: Атырауда видео ж...
12.11.2026
20:04
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өтк...
12.11.2026
19:55
«Кенеттен жөндеу басталмақ»: Ақтөбеде мүгедекті...