Тоқаев 250 сағаттан астам уақытын ұшақта өткізген

Тоқаев 250 сағаттан астам уақытын ұшақта өткізген
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден аса нысанды аралап көрді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, , деп хабарлайды Politico.kz.

Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы биыл 23 рет шетелге шыққан.

«Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды, – деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетерлігі, бір жыл ішінде президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүрді. 252 сағат уақытын ұшақта өткізген.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу