Тоқаев орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
1051
Президентке 2024 жылғы сайлау науқандарының қорытындысы таныстырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесу барысында Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар мен 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары баяндалды. Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды. Президент сайлау процестерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады