Тоқаев партиялар бәсекесі мен теледебаттарға оң баға берді

23.08.2026 13:54 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев партиялар бәсекесі мен теледебаттарға оң баға берді
55
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 23 тамызда Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, саяси науқан барысына оң баға берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Брифинг барысында «Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос Президенттен партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейін қалай бағалайтынын сұрады. Мемлекет басшысы бұл доданың мазмұнды өткенін жеткізді.

«Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент жаңа Конституция бойынша қайта енгізілген вице-президент лауазымына кім келетіні 10 күннен кейін белгілі болатынын айтты. Ол 2029 жылы өтетін президенттік сайлауға қайта түсу туралы сауалға да жауап берді.

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарына қойылатын басты талаптарды түсіндіріп, Үкімет жұмысының тоқтатылатынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий