«Сіздер жақсы танитын адам болады»: Тоқаев Вице-президентке қатысты маңызды мәлімдеме жасады

23.08.2026 12:51 Қарақат АСЫЛОВА
«Сіздер жақсы танитын адам болады»: Тоқаев Вице-президентке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
298
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейінгі брифингте алдағы саяси реформалар мен Вице-президент лауазымына қатысты жоспарларын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, Вице-президенттің кандидатурасы келесі аптада немесе 10 күн ішінде жариялануы мүмкін. Алайда Тоқаев қазір оның нақты кім екенін айтудан бас тартты.

«Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», — деді Президент.

Тоқаев сондай-ақ жаңадан құрылатын Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, бұл орган Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтіп, жаңа көпфункционалды саяси тетікке айналады.

Президент алдағы кезеңдегі жоспарлардың ауқымды екенін де айтты. Қазақстанды «үлкен құрылыс алаңына» айналдыру қажеттігін атап өтіп, өңірлерде емханалар, балаларды оңалту орталықтары және басқа да әлеуметтік нысандар салынатынын жеткізді.

Астанада жаңа көпір, Домбыра сарайы және Су ресурстарын зерттеу орталығы секілді нысандар бой көтеруі жоспарланып отыр. Сонымен қатар қалаларды абаттандыру және «Таза Қазақстан» акциясын жалғастыру міндеті қойылған.

Тоқаев Құрылтай сайлауын да бағалап, саяси науқан барысында жаңа тұлғалар мен тың идеялардың пайда болғанын айтты.

«Бұл Құрылтай еліміздің дамуына тың серпін береді деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Войдите, чтобы оставить комментарий