Тоқаев пен Путин сөйлесті

30.06.2026 16:28 Әсел МҰРАТ
Тоқаев пен Путин сөйлесті
272
Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшысы сауда-экономикалық және энергетика салаларындағы өзара тиімді екіжақты жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

«Биылғы жылдың мамыр айында Ресей президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Сауда-экономикалық және энергетика салаларындағы өзара тиімді екіжақты жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Брюссельге жасаған сапарының қорытындылары жөніндегі әсерімен бөлісті», – делінген хабарламада.

Войдите, чтобы оставить комментарий