Тоқаев Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барады

Тоқаев Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаевтың сапары 31 шілде – 1 тамыз күндеріне жоспарланған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу