Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды
1273
Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды
Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып Руслан Желдібай тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Руслан Желдібай бұған дейін Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Алайда 2026 жылдың қаңтарында ол бұл лауазымнан босатылып, орнына Айбек Смадияров келген еді.
Желдібай мемлекеттік қызметте түрлі жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, ол Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, сондай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...