"Тоқал алмайтын әнші жоқ": Жас қызбен көзге түскен Абай Бегей сынға қалды

Абай Бегей Лаура Рысбай есімді әншімен көзге түсті.
Абай Бегей Instagram желісіне жақында ғана өзі дуэт жазған Лаура Рысбаймен видео жариялады. Видеодан Абай Бегейдің күлімдеген, бақыттан балбұл жанған жүзін байқауға болады.
Әншінің оқырмандары оның жас қызбен көңіл жарастырғанын болжауда.
«Әйел жоқтықта, еркек тоқтыққа сыналады», «Қосылып алыпты ғой, қасқа», «Ойыннан от шығады деуші ме еді қазақ», «Жаман ойламайық, мүмкін клип түсіріп жатқан шығар», «Әдемі әйелі бар еді ғой, мына сары қызға неге жабысып қалған», «Әншілер 4 тоқал алмаса болмайды, олар ала береді», «Абай аға, мұны әйеліңіз көрді ма», «Шынында тоқал алмайтын әнші жоқ», — деп жазды олар.
Айта кету керек, Абай Бегейдің өзі бұл болжамдарға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
Ақпарат Caravan.kz медиа порталынан алынды.
Соңғы жаңалықтар





