«Төзімділігі тексерілді»: ленгерлік жас қырандар сынақ тапсырды

12.11.2025 15:21 Әсел Мұрат
«Төзімділігі тексерілді»: ленгерлік жас қырандар сынақ тапсырды
0
43
Фото: «Дала қырандары» жастар қоғамдық қозғалысының баспасөз қызметінен. Суретте: «Дала қырандары» жастары

8–9 қараша күндері Ленгер қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына қосылуға ниетті жастар мен қызметкерлер арасында дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Екі күнге созылған сынақтар қатысушылардың төзімділігі мен рухын шыңдады.

Нормативте не тексерілді?

Үміткерлер 3000 метрге жүгіру және Купер тестінен өтті. Тестке үш жаттығу кірді: секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттерін шынықтыратын «кітапша». Барлық көрсеткіш жас және салмақ категориясына қарай бағаланып, хаттамаға енгізілді.

Іс-шара алдында нұсқаулық пен қыздыру жаттығулары өткізілді. Қатысушылар арасында қолдау мен командалық рух ерекше байқалды. Тәжірибелі қырандар жаңадан келгендерге кеңес беріп, жігерлендіріп отырды. Арнайы медицина тобы сынақ бойы кезекшілік етті.

Мұндай нормативтер — қырандық мектептің алғашқы қадамы. Бұл жерде тек физикалық күш емес, мінез, тәртіп және өз-өзіңді дамытуға ұмтылыс сыналады. Жоғары нәтиже көрсеткендер келесі кезеңге — емтихан мен сұхбатқа жолдама алды.

«Бізге тек спорттық көрсеткіш емес, адамдық қасиет те маңызды. Нағыз қыран — күшті, адал және жауапкершілігі жоғары тұлға», — дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий