Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездеспекші

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездеспекші
13.02.2025 09:56
0
319
Иллюстрация: tsargrad.tv
Трамп Путинмен кездесудің нақты орнын атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина мәселесін талқылау үшін Сауд Арабиясында кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ, DW сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Трамп 12 ақпанда Ақ үйде журналистермен кездесуінде айтты. Ол Ресеймен соғысты тоқтатуға күш салатынын тағы бір мәрте атап өтті.

"Біз Сауд Арабиясында кездесеміз", – деді Трамп AFP агенттігіне.

Оның айтуынша, телефон арқылы өткен әңгімеде Путин мен ол "миллиондаған адамның қаза болуын тоқтату керектігіне" келіскен.

"Біз келіссөздерді дереу бастау үшін командаларымызға тапсырма бердік. Украина президенті Владимир Зеленскийге де телефон соғып, болған әңгімені жеткіземін", – деді Трамп.

Трамп АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионы, Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) басшысы Джон Рэтклиффті, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтцты және арнайы өкіл Стив Виткоффты келіссөздерге жауапты тұлғалар ретінде тағайындағанын мәлімдеді.

Ақ үй мен Кремльдің хабарлауынша, Трамп пен Путин арасындағы бұл телефон әңгімесі оның екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы расталған байланыс болды. CNN мәліметінше, Трамп Зеленскиймен де 12 ақпанда сөйлескен.

Ал Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин Трампты Мәскеуге шақырған. Трамп бұл шақыруға қандай жауап бергені әзірге белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий