Трамп шетелдік көмекті тоқтатып, авторитарлық режимдерге жол ашты

Трамп шетелдік көмекті тоқтатып, авторитарлық режимдерге жол ашты
04.02.2025 16:32
0
320
Ашық дереккөз
Трамптың шешімі авторитарлық режимдерге тиімді болуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдік көмек көрсету бағдарламаларын 90 күнге тоқтатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, бұл қадам АҚШ-тың мүдделеріне сәйкес келмейтін артық шығындарды қысқарту үшін қажет болған. Алайда сарапшылар бұл шешімнің демократияны қолдау үшін күресіп жүрген топтарға айтарлықтай әсер ететінін айтады.

АҚШ жыл сайын шетелдік көмекке миллиардтаған доллар бөледі. Бұл қаражаттың бір бөлігі авторитарлық елдерде демократияны дамытуға бағытталған жүздеген гранттарға жұмсалады. Трамптың шешімі нәтижесінде Венесуэлада сайлау бұрмалауларын анықтауға үйрететін ұйымдар, Куба мен Қытайдағы демократия белсенділері және Беларусь эмигранттары қаржылық қолдаудан қағылмақ.

"Бұл көмекті қысқарту диктаторларға қате белгі береді және бостандық үшін күресіп жүрген батыл адамдардың мүмкіндіктерін азайтады. Бұл бағдарламалар қайта қарастырылып қана қоймай, басым бағыттардың бірі болуы керек", – деді Нью-Йорктағы Адам құқықтары қорының негізін қалаушы Тор Халворссен.

2024 жылы АҚШ Конгресі Беларусь, Қытай, Куба, Иран, Никарагуа, Солтүстік Корея, Ресей және Венесуэла сияқты авторитарлық елдердегі демократияны қолдауға кемінде 690 миллион доллар бөлген болатын.

Сарапшылардың пікірінше, Трамптың "Америка бірінші орында" саясатына сәйкес келетін кейбір бағдарламалар қайта іске қосылуы мүмкін. Дегенмен, авторитарлық күштер бұдан пайда тауып, оппозицияға қысымды күшейтіп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или