Трамп Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі жөнінде Путинмен сөйлесетінін жариялап, басты тақырыптарды атап өтті

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні(18 наурыз) Ресей президенті Владимир Путинмен Украина соғысын тоқтатуға бағытталған келіссөз жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Associated Press басылымына сілтеме жасап.
Президент Трамп бұл шешімін Флоридадан Вашингтонға ұшып келе жатқан Air Force One ұшағында журналистерге берген мәлімдемесінде жеткізді.
«Сейсенбіге дейін қандай да бір мәлімдеме жасай аламыз ба, көрейік. Сейсенбі күні мен Путинмен сөйлесемін», – деді Трамп. «Демалыс күндері келіссөздерге дайындық аясында көп жұмыс атқарылды. Біз осы соғысты тоқтатудың жолдарын іздеп жүрміз».
Трамп келіссөздер барысында Украина соғысын аяқтаудың негізгі шарттары ретінде жер мәселесі мен электростанциялар тақырыбын көтеретінін айтты. Ол бұл мәселелерді «белгілі активтерді бөлу» деп сипаттап, келіссөздер процесінде талқыланатынын мәлімдеді.
Айта кету керек, Ресей үш жыл бұрын Украинаға басып кіру мақсатына жете алмағанымен, әлі де елдің бірқатар маңызды аймақтарын бақылауда ұстап отыр. Дегенмен, талқылаудың негізінде 2022 жылы Ресейдің оккупациясына ұшыраған Запорожь атом электр станциясы мәселесі де қарастырылады.
Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, келіссөздер Украина соғысын тоқтатуға және екі ел арасындағы дағдыланған жағдайды өзгертуге бағытталған жаңа диалог кезеңін бастауға үміт арттырады.
Соңғы жаңалықтар





