Трамп үшінші рет сайлауға түсу ойынан бас тартты

Трамп үшінші рет сайлауға түсу ойынан бас тартты
05.05.2025 12:57
0
183
Фото: NBC News
Трамп үшінші мерзімге түспейтінін мәлімдеді

«Мен сегіз жыл президент боламын»: Трамп үшінші мерзімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасының «Баспасөзбен кездесу» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында өзінің үшінші мерзімге қайта сайлануға ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Ол Конституциямен шектелген екі мерзім талабын мойындайтынын айтты.

«Мен сегіз жыл президент боламын. Яғни, екі мерзім. Бұл — мен үшін әрқашан маңызды болған қағида», — деді Трамп бағдарлама жүргізушісі Кристен Уэлкерге.

Ол сондай-ақ Республикалық партияның болашақ көшбасшылары ретінде қазіргі вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубионы атап өтті. Екі саясаткер де Трамптың екінші әкімшілігінде маңызды рөл атқарып отыр.

Наурыз айында Трамп үшінші мерзімге қатысу туралы әзілдеп айтқанымен, соңғы сұхбатында ол өзіне бірнеше рет осындай ұсыныс түскенін растады. Дегенмен, ол АҚШ Конституциясы бұл мүмкіндікті шектейтінін мойындады:

«Бұл – сізге рұқсат етілмейтін нәрсе. Бұл Конституциямен байланысты ма, әлде басқа себеп пе – нақты айта алмаймын, бірақ мұндайға жол берілмейді», — деп түйіндеді Трамп.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий