Трамптың медициналық қорытындысы жарияланды

Трамптың медициналық қорытындысы жарияланды
14.04.2025 09:26
0
588
Ашық дереккөз
АҚШ президенті Трамптың денсаулығы «өте жақсы» деп бағаланды

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің екінші мерзіміндегі алғашқы медициналық тексерістен өтіп, денсаулығы «өте жақсы» деп танылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ақ үй жариялаған ресми қорытындыға сәйкес, 78 жастағы президенттің когнитивтік және физикалық жағдайы өте жақсы, ол өз қызметін толық атқара алады.

Медициналық тексеріс нәтижесінде Трамптың бойы 1,90 метр, салмағы шамамен 102 келі екені анықталды. Оның дене салмағы индексі 28,3 бірлік, бұл жеңіл артық салмақ санатына жатады. Дегенмен, ол алғашқы президенттік мерзімінен бері 8 келі салмақ тастаған.

Трамп спортпен көп айналыспағанымен, гольф ойнауды жақсы көреді. Жеке дәрігері Шон Барбабелланың айтуынша, ол өмір бойы темекі тартпаған және алкоголь ішпеген.

Сонымен қатар, Трамп фастфуд пен газдалған сусындарды ұнатады. Ақ үйдегі Овальды кабинетте ол диеталық колаға арнайы батырма орнатқан болатын.

Медициналық тексеріс нәтижелері бойынша Трамптың артериялық қысымы 128/74 мм сынап бағанасына тең, тыныштықтағы жүрек соғу жиілігі — 62 соққы, ал жалпы холестерин деңгейі 140 мг/дл. Бұл көрсеткіштер екі препараттың – розувастатин мен эзетимибтің – көмегімен жақсы бақыланып отыр.

Сондай-ақ президент жүрек ауруларының алдын алу үшін аспирин және теріге арналған мометазон кремін қолданады. Дәрігерлер оның терісінде күннің әсерінен аздаған зақымдар бар екенін айтқанымен, бұл денсаулығына қауіп төндірмейді.

Өткен жұмада Дональд Трамп Вашингтон маңындағы әскери клиникада толық медициналық тексеруден өтті. Кейін журналистерге берген сұхбатында ол:

– Өзімді өте жақсы сезінемін. Жүрегім де жақсы жұмыс істеп тұр, – деді.

Трамп когнитивтік тестіден де толық өтті:

– Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім, – деді ол.

Айта кетейік, Трамп өзінің 82 жастағы бұрынғы қарсыласы Джо Байденді сайлау науқаны кезінде денсаулығы үшін жиі сынаған болатын. Алайда қазіргі уақытта Трамп АҚШ тарихындағы ең егде жастағы президент саналады, сондықтан оның денсаулығы жұртшылық назарында қалып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий