Тредсте қазақтарды қорлаған әйел ұсталды

27.04.2026 11:33 Арман Ермеков
Тредсте қазақтарды қорлаған әйел ұсталды
344
Виолетта Паршина ұсталды. Politico.kz | ЖИ арқылы жасалған сурет

Әлеуметтік желіде қазақ халқы мен Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды қорлап жазба жариялаған әйел құрықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Виолетта Паршина есімді Алматы тұрғыны Threads желісінде 1986 жылғы көтеріліске шыққандарды "мас әрі топас ауыл адамдары" деп атап, жұрттың наразылығын тудырған. Желі қолданушылары оның парақшасынан "Қазақстанды жиіркенішті мемлекет" деп сипаттап, ел билігіне негізсіз айыптар таққан басқа да жағымсыз пікірлерін тауып алған.

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Азаматша П.-ның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және оларға қағидатты түрде құқықтық баға беріледі. Тұлғаның мәртебесіне және өзге де жағдайларға қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлау фактілеріне жол берген барлық азаматтар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер, арандатушылық және алауыздықты қоздыратын материалдарды тарату фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий