Түнде әлемде не болды - 11 наурыз

Түнде әлемде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
АҚШ Украинаға әскери көмекті қайта жандандыруы мүмкін.
Сауд Арабиясында өткен келіссөздер барысында АҚШ делегациясы Киев өкілдерімен кездесті. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөздердің нәтижесіне байланысты шешім қабылданатынын атап өтті.
"Егер АҚШ делегациясы Киевтің ұсыныстарына қанағаттанса, Украинаға әскери көмекті қайта бастау туралы шешім қабылданады", – деді ол.
Бұл кездесуге АҚШ тарапынан Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майк Уолтц пен Таяу Шығыстағы арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысты.
АҚШ пен Қытай Трамп пен Си Цзиньпин кездесуіне дайындалуда
Вашингтон мен Пекин екі ел басшыларының саммитін өткізуге дайындық жүргізуде, деп жазады Wall Street Journal.
Қытай тарапы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа баруының орнына саммиттің Пекиндегі өтуін қалайтынын мәлімдеген.
Трамптың Зеленскиймен болған жанжалы Қытай басшылығының бұл шешіміне әсер етуі мүмкін.
Саммит маусым айында өтуі мүмкін, алайда нақты орны әлі белгісіз.
Солтүстік теңізде танкер мен контейнерлік кеме соқтығысып, өрт шықты
АҚШ туы астында жүрген мұнай танкері мен Португалия контейнерлік кемесі Британия жағалауында соқтығысып, ірі өрт орын алды, деп хабарлайды Lloyd's List.
Апатқа ұшыраған танкерде 220 мың баррель авиаотын, ал контейнерлік кемеде улы цианистік натрий болған.
Барлығы 37 экипаж мүшесі құтқарылды. Апаттың себептері тексерілуде.
Маск: X әлеуметтік желісіне кибершабуыл жасалды, Украина IP-адрестеріне күдік бар
Әлеуметтік желі X-ке ауқымды кибершабуыл жасалды, деп мәлімдеді Илон Маск Fox News-ке берген сұхбатында.
"Бізге ауқымды шабуыл ұйымдастырылды. Әзірге нақты деректер айтпаймыз, бірақ кейбір IP-адрестер Украинадан келген", – деді Маск.
Бұл шабуыл әлемнің көптеген елдерінде X жұмысындағы ақауларға себеп болған.
Зерттеу жалғасуда, ал Украина тарапы бұл айыптауларға қатысты ресми мәлімдеме жасамады.
Соңғы жаңалықтар





