Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қайғылы жағдайда қаза тапты
ЖАЛҒАСЫ
-
Кінәлілер жазалансын: Зауытта көз жұмған балуанның отбасы әділдік сұрады
17.09.2026, 09:18
Түркістан облысындағы кафель зауыттарының бірінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Тілектес Әділ өндірістік жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмның досы таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға спортшының жұмыс орнында болған. Ол еңбек барысында абайсызда электр сымына тиіп кетіп, ток соққысынан кейін биіктіктен құлаған. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Тілектес Әділ есту қабілеті төмен спортшылар арасында ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақ еді. Ол 2018 жылы Ақтөбеде өткен ҚР II Спартакиадасында грек-рим күресінен 55 кг салмақта топ жарса, 2019 жылы Қостанайдағы ел чемпионатында 60 кг салмақта алтын медаль еншілеген. Сонымен бірге бірнеше мәрте республикалық және халықаралық бәсекелердің жүлдегері атанған.
Марқұмның артында жары мен екі баласы қалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...
30.10.2026
11:28
Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады
30.10.2026
11:19
«Хайп қуды демесін»: Дархан Мұсаев тағы бір жаң...
30.10.2026
10:23
Желіде танылған бала полиция бастығынан Тоқаевт...
30.10.2026
10:23
Ұзынағашта балаларға Құран үйретіп жасырын дін...
30.10.2026
10:01
«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті ...