Түркістанда бүйрегін сатпақ болған тұрғын жазадан құтылып кетті

19.02.2026 14:53 Әсел Мұрат
Түркістанда бүйрегін сатпақ болған тұрғын жазадан құтылып кетті
125
Фото: ашық дереккөз

Түркістан қаласының тұрғыны өз бүйрегін сатпақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот тірі адамның ағзасын заңсыз сатуға әрекет жасаған азаматқа шешім шығарды. Іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралды. 

Ол өткен жылдың ақпан айында ол бүйрегін сататыны туралы Telegram арнасында хабарландыру жариялаған.

Сот мәліметінше, бүйректі сатып алушы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкері жасырын түрде келіссөз жүргізген. 

Күдікті ағзасын 13 млн теңгеге сатуға келісіп, 5 млн теңгені қолма-қол алу кезінде ұсталған. 

Оған «Трансплантациялау немесе өзге мақсатта пайдалану үшін тірі адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәміле жасауға оқталу» бабы бойынша айып тағылған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр қаржылық жағдайы себеп болғанын айтты. 

Жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататыны мен ешкімге зиян келтірілмегенін ескере отырып, оған рақымшылық жасалды.

Нәтижесінде сотталушы қылмыстық жауаптан босатылып, іс жүргізу тоқтатылды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий