Түркістанда полицей парамен ұсталды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкеріне қатысты пара алу күдігі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алдын ала тергеу мәліметтеріне сүйенсек, полиция бөлімінің жедел уәкілі Самат Нұрғалиев жергілікті тұрғыннан 200 мың теңге көлемінде ақша алған. Ол бұл соманы тұрғынды заңсыз қару сақтағаны үшін жауапкершілікке тартпауға уәде бергені үшін сыйақы ретінде алғаны анықталып отыр.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер осы істің толық мән-жайын анықтаумен айналысуда.
Кадрларда тінту жүргізу кезіндегі сәттер бейнеленген. Күдікті тәртіп сақшысы басында қалтасын көрсетуден бас тартып, қарсылық танытады. Кенеттен ол оқиға орнынан қашып кетпек болып, жүгіре жөнеледі. Алайда, сол мезетте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны дереу ұстап алып, жерге жатқызады.
Айта кету керек, тінту кезінде одан 190 мың теңге тәркіленген.
Соңғы жаңалықтар