Түркістанда шетелде жүріп жалақы алған жүздеген мұғалім анықталды

11.07.2026 16:37 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістанда шетелде жүріп жалақы алған жүздеген мұғалім анықталды
196
Түркістандағы білім бөлімінде миллиондаған теңгенің заңсыз төлемі анықталды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында білім беру саласында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Прокуратура тексерісі барысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мұғалімдер мен техникалық персонал жұмыс уақытында Қазақстаннан тыс жерде болғанына қарамастан, толық көлемде жалақы алып келгені белгілі болды.

Прокуратура мәліметінше, тек аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне негізсіз төленген жалақы көлемі 389 мың теңгеден асқан. Ал білім беру ұйымдары бойынша келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асты.

Заңбұзушылықтар Еңбек және Бюджет кодекстерінің талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне 15 миллион теңгеден астам қаражат толық көлемде қайтарылды.

Сондай-ақ, жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлер мен бұл заңбұзушылықтарға жол берген басшыларды қоса алғанда, барлығы 680 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий