Түркістанда студенттерді еден жууға мәжбүрлеген (ВИДЕО)

23.02.2026 13:19 Әсел Мұрат
Түркістанда студенттерді еден жууға мәжбүрлеген (ВИДЕО)
179
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Желіде жатақхана адамдары мен студенттер арасында туындаған даудың видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрлардан студент қыздардың ұлдар бөлмесін жинауға қарсы екенін айтқанын көруге болады.Бұл жағдай Түркістан облысы білім басқармасының көпсалалы индустриялық-техникалық колледжінде болған.

Оқиғаға қатысты Түркістан облыстық білім басқармасы пікір білдірді.Басқарма бұл жағдайды бірден бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген.

«23-25 ақпан күндері өтетін облыстық спартакиадаға байланысты жатақханаға қатысушыларды орналастыру қажеттілігі туындаған. Осыған орай тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студенттерге ауызша түрде ұсыныс білдірген. Жатақханада студент жігіттердің уақытша болмауына байланысты қыздардан бос бөлмелерде тазалыққа көмек көрсету сұралған. Алайда кейбір студенттердің бас тартуына байланысты түсініспеушілік орын алған», - дейді басқармадағылар.

Қазіргі уақытта студенттермен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады», - деп атап өтті білім басқармасындағылар.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий