Түркияда қару-жарақ зауытында жарылыс болды

Түркияда қару-жарақ зауытында жарылыс болды
24.12.2024 14:58
0
156
cnnturk.com
Түркияда қару-жарақ зауытындағы жарылыс: 12 адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-батысында орналасқан Балыкесир қаласында қару-жарақ зауытының капсула жасайтын цехында жарылыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZcnnturk.com сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс 08:25-те орын алып, оқиға салдарынан 12 жұмысшы қаза тапты, ал тағы үш адам жарақат алды.

Зауыт Балыкесир қаласының Каваклы ауданында орналасқан. Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглуның айтуынша, жарылыстың себебі әлі анықталмаған, алайда зауыттың капсула шығаратын цехы толығымен опырылып түскен. Қалған ғимараттарға жарылыстың ықпалы шектелгенімен, жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем мен құтқару қызметтері жетті. Өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жергілікті билік жарылыс салдарын тексеру үшін арнайы тергеу комиссиясын құрды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или