Түркияда Қазақстан азаматын атып өлтірді
1288
Түркияда Қазақстан азаматы оқ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz Haberler басылымына сілтеме жасап.
Марқұм жеке компанияда курьер болып жұмыс істеген. Қазір Қазақстан азаматының өліміне қатысты екі күдікті Түркияның Едирне қаласында ұсталғаны белгілі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бейтаныс адамдар көшеде оған оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 наурызда Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған.
«Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл оқиға бақылауда», - делінген мәлімдемеде.
Түркияның құзыретті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...
06.10.2026
14:38
Ресей әскерінен қашып, Қазақстан шекарасын заңс...
06.10.2026
14:18
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметке...
06.10.2026
14:05
Салмағы тышқандай: әлемдегі ең ауыр жәндік қайт...
06.10.2026
13:58
«Естеліктер жанымды сыздатады»: Әсел Асқар өмір...