Түркияда тау-шаңғы курортындағы қонақүйде ірі өрт болып, 10 адам қаза тапты
864
Карталкая курортындағы өрт: адам шығыны тіркелді
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы курортында қонақүй өртеніп, 10 адам қаза тапты, тағы 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өрт 21 қаңтар күні түнгі сағат 3:27-де (Қазақстан уақытымен 5:27) 12 қабатты қонақүйдің бір бөлмесінде басталған. Оқиға орнына 267 мемлекеттік қызметкер тартылды. Өрт жылдам таралып, ғимараттың бүкіл аумағын шарпыған.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, өрттен 10 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Өрт сөндірушілер жалынды бақылауға алды. Қонақүйдегі демалушылар эвакуацияланып, қауіпсіз жерлерге орналастырылды. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде.
Бейне
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...