Тұрсынбек отбасын тастайтын еркек емес – Мөлдір Мұқанова

Тұрсынбек отбасын тастайтын еркек емес – Мөлдір Мұқанова
29.06.2025 19:15
0
1107
Фото: stan.kz

Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанованың “Арамызда қалсын бәрі” атты жаңа әні тыңдармандар арасында кең талқыланып, әлеуметтік желіде қызу пікір туғызды. Жаңа бейнебаянның түсірілімі Елордада өтіп, көркем атмосфера жасауға атсалысқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушылары әнге, бейнебаянға, сондай-ақ Мөлдірдің жеке өміріне қатысты сан түрлі ойларын жазуда. Әнге деген оң пікірлер де, сын айтқан жандар да аз емес.

“Ән ұнады маған. Күшті ғой!”, “Даусыңыз керемет!”, “Жан-жақты екенсіз, бәрі жарасымды!” – деп тамсанғандар көп болды.

Дегенмен кейбір қолданушылар бұл туындыны Мөлдірдің отбасылық мәртебесіне сай келмейтінін айтып, "бес баланың анасы, ел таныған азаматтың жары болған соң, мұндай ән орынсыз" деген сарында жазба қалдырған.

Әлеуметтік желідегі пікірлерден үзінділер:

“Айналайын, 5 балаңыз бар, өнеріңіз бір төбе. Бақытты болыңыз!”, “Мөлдірдің арқасында Тұрсынбек танылды ғой, енді неге мұндай жағдайға тап болды екен?”, “Сатира сахнасынан көріп жүрген Тұрсынбектің бұлай отбасынан алыстауы – түсініксіз” деген пікірлер де жазылды.

“Пиар ғой, кеше екеуі бірге кафеде жүрген”, “Тұрсынбек ондай еркек емес, тастап кетпейді” дегендер де табылды.

Алайда көпшілік Мөлдірдің өнеріне, тұлғасына, аналық болмысына ризашылық білдіріп, оның шынайылығын жоғары бағалап отыр. “

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий