Туыстары Алексей Навальныйдың мәйітін ала алмай отыр
Бұған дейін Федералдық жазаны атқару қызметі Навальныйдың "Полярная воль" түзеу колониясында қайтыс болғанын хабарлады.
Әлеуметтік желіде Навальныйдың жақтастары ресми мәлімдеме жасап, оның көз жұмғанын растады.
"Алексей Навальный өлтірілді. Оның қазасы 16 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:17-де Алексейдің анасына жіберілген ресми хабарламада жазылған. Колония қызметкері Навальныйдың денесі Салехардта екенін айтты. Тергеу комитеті оны алып кетті. Қазір оның денесіне сараптама жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Алайда кейінірек саясаткердің жақтастары тексеруге байланысты туыстары оның денесін ала алмағанын хабарлады. Олардың айтуынша, Навальныйдың денесі Салехардта да, Лабытнанга мәйітханасында да жоқ болып шыққан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:04
Елордада автобус кәмелет жасқа толмаған баланы ...
13.11.2026
18:55
«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуынан кейін Ai...
13.11.2026
18:17
«Самұрық-Қазына» басшыларының ұсталуына қатысты...
13.11.2026
18:12
Атбасар колониясындағы азаптау ісіне нүкте қойы...