«Тығылып отырмын»: блогер Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегенова қысым көріп жатқанын айтты
Блогер Эльмира Төлегенова желіде видео жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды. Ол күйеуі, белгілі блогер Ерболат Жаңабыловпен ажырасу процесі жүріп жатқанын және өзіне қысым жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Эльмираның айтуынша, күйеуі екінші телефонын тартып алмақ болған кезде ол гардероб бөлмесіне кіріп, тығылуға мәжбүр болған. Сол кезде оның бөлмесінің есігін күйеуі мен қайынағалары ашпақ болып әрекеттенген.
Блогер бұл жағдайды хайп емес деп сендірді.
«Арамызда төбелес немесе қол көтеру болған жоқ. Ерболат менің екінші телефонымды тартып алуға оқталғандықтан, гардеробқа тығылып қалдым. Түн ортасында мұны сториске шығарып айтқым келмеген еді, бірақ біз қазір ажырасу процесіндеміз», – деді Эльмира Төлегенова.
Ол сонымен қатар желіге өзінің екінші телефоны арқылы кіргенін және қуаты небәрі 5 пайыз қалғанын да атап өтті. Алайда, блогердің гардеробта тұрып түсірген бұл сторисі жарияланғаннан кейін 6 минуттан соң өшірілді. Эльмира блог жүргізуден ұзақ уақытқа үзіліс алатынын жеткізді.
Қазіргі уақытта Эльмира Төлегенова да, оның туыстары да бұл оқиғаға қатысты қосымша ресми түсініктеме берген жоқ. Желі қолданушылары блогердің амандығына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы әлі белгісіз.
Блогер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегенованың ісі
2026 жылы сәуірде сот блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шығарды. Олар Қылмыстық кодекстің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыптылар онлайн-курстар сатып, оның аясында автокөлік пен басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын ұйымдастырған. Жүлде қоры қатысушылардан түскен қаражат есебінен қалыптастырылған деп көрсетілген. Іс бойынша келтірілген залал 247,6 млн теңге деп бағаланып, бұл сома толық өтелген.
Сот Ерболат Жанабыловқа 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі. Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу
Соңғы жаңалықтар