Тыңдарман қабылдай алмады: Ақботаның жаңа әні мен биі неге үйлеспеді?

30.12.2025 11:11 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Тыңдарман қабылдай алмады: Ақботаның жаңа әні мен биі неге үйлеспеді?
0
57
Коллаж: Politico.kz

Әнші Ақбота-Нұр тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынды. Жаңа ән мен бейнебаянның тұсаукесері өтіп, шығармасы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары жаңа жұмысты әрқалай қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz

 

Көпшілік әннің би форматында ұсынылуына күмәнмен қарап, би мен музыканың өзара үйлеспегенін алға тартты. Олардың айтуынша, композиция би үшін тым ауыр әрі қимылдарға сай келмейді. Әсіресе хореография мен әннің ырғақтық байланысы әлсіз деген пікірлер жиі айтылды.

Сонымен қатар, желі қолданушылары бейнебаяндағы образға да назар аударды. Кейбір көрермендер әншінің киім үлгісі мен сахналық стилі Ақботаның болмысына сәйкес келмейтінін жазып, дене пропорциясын айқындап көрсетпейтін образды сынға алды. Оқырмандардың пікірінше, таңдалған костюм керісінше кемшіліктерді айқындап тұрғандай әсер қалдырған.

Желіде:


«Сенің стилің емес қой»«Қимыл мен ән екі бөлек»«Хореограф қателескен сияқты»«Мүлде өзіне ұқсамай қалыпты»«Қазақ қыздар не болды сендерге?» деген пікірлер жиі кездесті.

Дегенмен, кейбір тыңдармандар әншінің жаңа бағыт іздеп жүргенін қолдап, тәжірибе жасау — өнер адамы үшін қалыпты құбылыс екенін атап өтті. Ақбота Нұрдың бұл жұмысы көпшілік арасында қызу талқыланып, желіде үлкен резонанс тудырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий