У берсеңіздер де өзіңіз білесіз: Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова Наурыз мерекесіне арналған концерт барысында көпшілік алдында жүрекжарды лебізін білдіріп, елден кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz порталына сілтеме жасап.
Әнші тыңдармандарына шынайы ықыласын жеткізіп, өмірдің өткіншілігін еске салды.
Мақпал Жүнісова: «Сіздермен ғана менің мерекем. Сіздер – менің барымсыздар, сіздерге басымды иемін. Аман болыңыздар! Сіздер жоқ болсаңыздар, әнді кімге айтамыз?!» – деп, көрермендерге деген алғысын жеткізді. Сонымен қатар, «Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз. Өздеріңіз еркелетесіздер, у берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер», – деп, ел алдында ағынан жарылды.
Халықпен әрдайым жақын байланыста жүретін Мақпал Жүнісованың бұл сөздері көрерменнің көңілінен шығып, тыңдарман қауыммен арасындағы ерекше байланысын тағы бір мәрте көрсетті.
Соңғы жаңалықтар





