Зеленский Харьковте әскери кеңес өткізді

Зеленский Харьковте әскери кеңес өткізді
24.03.2025 10:14
0
572
t.me/V_Zelenskiy_official
Зеленский Донецк облысына барып, сарбаздармен кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні Донецк облысына сапармен барып, жауынгерлермен кездесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент кеңсесі сапар барысында түсірілген видеоны жариялады. Зеленский Покровск тактикалық тобының командалық пунктінде болып, әскери басшылардың есептерін тыңдады. Ол бірқатар жауынгерлерді ордендермен марапаттап, майданда қаза тапқан азаматтарға арналған мемориалға барып, құрмет білдірді.

Бұдан кейін Зеленский Харьковқа аттанып, әскери кабинет кеңесін өткізді. Онда майдандағы қазіргі жағдай, Запорожье, Донецк, Харьков және Сумы–Курск облыстарындағы операциялардың барысы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар жексенбі күні Сауд Арабиясында өтетін Украина мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздерге дайындалды.

Бұл келіссөзде атысты ішінара тоқтату, соның ішінде Украина аумағындағы энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату мәселесі қарастырылады деп жоспарланған. Келіссөз алдымен Украина мен АҚШ арасында өтіп, кейін АҚШ делегациясы Ресеймен кездеседі деп күтілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий