Украинаға 30 000 әскер жіберу жоспары талқылануда

Украинаға 30 000 әскер жіберу жоспары талқылануда
17.03.2025 13:02
0
500
Фото: Oleg Petrasiuk/Ukrainian 24 Mechanised brigade
Ұлыбритания Украинаға мыңдаған әскерін жіберуге дайын

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинада бейбітшілікті сақтау және Ресейдің жаңа шабуылына жол бермеу үшін британдық әскерилерді ұзақ мерзімге орналастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ THE TIMES басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ұлыбритания батыс одақтастарымен бірге Украинада әскер орналастыруға «қажетті уақытқа» дейін дайын. Бұл бастама «коалицияның» бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады.

Осы аптада Лондонда батыс елдерінің қорғаныс басшылары кездесіп, бейбітшілік сақтау күштерінің нақты қай жерде орналасатынын талқылайды.

Қазіргі уақытта Ұлыбритания, Франция, Түркия, Канада және Австралия Украинаға 30 000-ға дейін әскери жіберу мүмкіндігін қарастыруда. Басқа елдер қару-жарақпен және логистикалық қолдаумен көмектесуге дайын.

Алайда, Кир Стармер әзірге британдық әскерилерге Ресей сарбаздарына қарсы қару қолдануға рұқсат етіле ме, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді. Бұл мәселе алдағы күндері талқылануы мүмкін.

Украинада бейбітшілікті сақтау күштерін құру – қақтығысты бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий