Ұлан Қонысбаев Балжан Бидашты туған күнімен құттықтау үшін Астанадан Алматыға арнайы барды
430
Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш 26 жасқа толған туған күнін ерекше атап өтті. Әнші сахнадағы әріптестері мен танымал қазақстандықтар үшін арнайы дастархан жайды. Бұл туралы Politico.kz nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Балжан Бидаш туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атті. Шоу-бизнес жұлдызын барша жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген. Олардың арасында Фариза Ескермес, Айнұр Ілиясова, Жарқынай Ханайым, Жазира Еркін, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Өмірғали, Айдай Исаева, Әсел Сағатова, Еркеш Хасен, Зарина Кармен, Тұрар Ыдырыс, Альбина Шардарова, Ғаділбек Жаңай және тағы да басқалары бар.
Айта кетерлігі, Балжан Бидашты 26 жасымен «Егіз лебіз» жобасындағы жұбы, экс-футболшы Ұлан Қонысбаев арнайы Астанадан келіп, құттықтаған.
Балжан Бидаш туған күні жоғары деңгейде өту үшін барын салып дайындалған. Әнші мейрамханаға кірер алдына қонақтары үшін қызыл кілем төсеп, үстелдерді ерекше дизайнда безендірген.
Фото: Видеодан кадр: Instagram/bidash_official
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
13:47
Дінтанушы ғалым: «Осы дүниеден құтылсам, о дүни...
28.09.2026
13:45
«Кемеге мінген жоқпын»: Министрлік туыстары ала...
28.09.2026
13:16
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» ор...
28.09.2026
13:12
Тәуекел Мүслім: Өз әкем сияқты болғым келмейтін...
28.09.2026
12:46
"Біз үшін өліпті ма": Аза тұту күні туралы сөзі...
28.09.2026
12:42
Қазақстандық Исматулла Мақсұм туралы: Бөлмесіне...