«Үлкен ой үстіндемін...»: Роза Рымбаева қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырып жатқан есеп беру концертіне билеттер тез сатылып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Осының құрметіне әншінің ұлы Әли Оқапов анасына гүл шоғын тарту етіп, қуанышты жаңалықты жеткізді.
«Sold Out. Билеттердің барлығы сатылыпты. Сіздерге мың алғыс. Енді үлкен ой үстіндемін…» — деп жазды Роза Рымбаева.
Сондай-ақ өнер иесі тыңдармандарына жүгініп, оларға сұрақ тастады.
«Қазір жаңа формат, жаңа жұлдыздар болғандықтан уайымдадым. Олар – заманға сай, сәнді. Мен үшін бұл – зор қуаныш. Бұл – менің есеп беру концертім. Билеттер түгел сатылып кетті! Бірақ қоңырау шалып жатқандар да көп, реніш те, өтініш те көп түсіп жатыр. Сондықтан тағы бір концерт беруді ойлап жүрмін. Бұл, әрине, сіздерге байланысты, қымбатты көрермендерім мен тыңдармандарым. Егер менің концертіме баруға ниеттеріңіз болса, сіздердің тараптан қолдау болса, мүмкін тағы бір концерт қоярмыз? Соған тәуекел етеміз бе? Мұның бәрі өздеріңізге байланысты», – деп жанкүйерлеріне үн қатты Рымбаева.
Оқырмандары іншінің бұл бастамасын қолдай кетіп, тағы бір концерт өткізуін сұрады.
«Роза апай, қазақ халқы сіздің концертіңіз күнде болса күнде баруға дайын», «2 сеанс жасау керек қой, халық Роза апайды сағынды», « Мен бұл концертке осы жолы Шымкенттен арнайы барамын», «Бұл концертті Қазақстанның барлық қаласына қою керек деп ойлаймын» деп жазып жатыр оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар