Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

04.09.2026 12:00 Әсел МҰРАТ
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
222
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды. Ол 16,25%-ға төмендеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін базалық ставка 2026 жылдың шілде айында 16,75% болған еді.

«Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Жылдық инфляцияның қарқыны биылғы тамызда 9,8%-ға дейін баяулады. Дезинфляциялық процес 11 ай қатарынан жалғасып келеді.

Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін төмендеді. Оған жеміс-жидек пен көкөністің айтарлықтай арзандағаны мен импорттық тауар бағасының төмендегені әсер етті.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция қарқыны теңге бағамының нығаюы аясында 11,4%-ға дейін баяулады.

Сервистік инфляция реттелмейтін қызметтер бағасының өсу қарқыны біршама баяулағандықтан 8,9%-ға дейін төмендеді.

Айлық инфляция тамызда 0,6% (шілдеде 0,6%), маусымдық факторлар ескерілмегенде 0,9% (шілдеде 0,7%) болды.

Базалық инфляция 0,7% деңгейінде сақталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий