ҰОК президенті болған Головкин боксқа қайта оралуы мүмкін
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, 42 жастағы кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Politico.kz басылымы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен зейнет демалысында емеспін. Отбасыммен бірге уақытымды керемет күйде өткізіп жатырмын. Қазір жаңа қызметім бар. Бірақ спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін әрі бұл маған қатты ұнайды. Мен ешқашан карьерамды аяқтағаным туралы хабарлаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі. Егер ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым әбден мүмкін», – деді Головкин.Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске (61-2-2, 39 КО) қарсы өткізген. Ал биыл Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына сайланған.
Фото: Harry How
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
20:30
Оқушыларға зорлық-зомбылық пен құмар ойын сайтт...
11.11.2026
19:34
ҚазҰУ студентінің жұмбақ өлімі: Министр ҚазҰУ-д...
11.11.2026
18:51
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларына қатысты те...
11.11.2026
18:40
Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 ж...
11.11.2026
18:15
«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне қатысты дауғ...
11.11.2026
18:14
Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының...