ҰҚК қызметкерлері Тараздағы полиция басшысын моншада ұстады
981
Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Тараз қаласы патрульдік полиция батальонының командирін ұстады, деп хабарлайды HALYQSTAN телеграм-арнасы.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ол өз қарамағындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінген. Ақша рота командирлерінің бірі арқылы сұралған. Белгілі болғандай, инспектордан 100 мың теңге талап етілген. Бұл қаржы оны отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша жауапкершіліктен жалтарып кетуге көмектесу үшін берілуі керек болған.
Батальон командирі Е.Ж. қаладағы монша кешендерінің бірінде қолға түсті. Одан кейін ол бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің ресми мән-жайы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардың құқықтық мәртебесі нақтылануда.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
09:19
Алматылықтар жер сілкінісін сезді
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...